Өрт туралы ақпарат қалалық төтенше жағдайлар қызметіне кеше түнгі сағат 23.27-де түскен. Жалын жалпы көлемі 70 шаршы метр аумақты шарпыған. Нәтижесінде 3,5 тонна шөп пен 7 ірі қара мал жанып кетті. Денесін күйік шалған 43 жастағы ер азамат ауруханаға жеткізілді.
«Өртті сөндіруге жеке құрамның 20 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды. Жалын сағат 00.25-те ауыздықталып, сағат 01.54-те толық сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда» делінген Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.