Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың айтуынша, медициналық мекеме қызметкерлерін арнайы 106 автобус тасымалдайды.
«Қоғамдық автобустар тікелей індеттің таралу ошағы болуы әбден мүмкін. Оған қоса сарапшылардың пікірі де ескерілді. Сондықтан осындай қадамға амалсыздан бардық. Ал, қаладағы 21 ірі өндіріс орнының қызметкерлері 90 автобуспен жұмысына қатынайды», - деді қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.
Қала әкімінің орынбасары сондай-ақ, арнайы тіркелген 11 такси компаниясы жұмысын жалғастыра беретінін атап өтті. Алайда таксиде екі адамнан артық жолаушы алуға болмайтыны ескертілді.
Бастысы, тасымалдаушы компания басшыларына бағаны қиын-қыстау күндері көтермеу бойынша ұсыныс айтылды. Ал тұрғындарға тіркелместен жолаушы тасымалдауға тыйым салынып отыр.