«Шымкент қалалық Экология департаменті рұқсат етілмеген жерде медициналық қалдықтарды өртеу фактісі бойынша «Эколайф Астана» ЖШС-ға қатысты ҚР экологиялық заңнама талаптарының сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесі бойынша «Эколайф Астана» ЖШС бұрынғы асфальт зауыты мен Жібек жолы көшесі 66/9 мекен жайдағы өнеркәсіп аймағы аумағындағы ашық жерде медициналық қалдықтарды рұқсатсыз өртеу фактісі бойынша ҚР Әкімшілік бұзушылық кодексінің 328 және 332-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп жазды ол.
Оның атап өтуінше, Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мен Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасына «Эколайф Астана» ЖШС-нің мемлекеттік келісімшарт талаптарын сақтау міндеттемесін орындамағандығы туралы хат жіберілген.
«Мемлекеттік сатып алулар туралы заң талаптарына сәйкес тапсырыс беруші тарапынан Сарыағаш ауданы мен Түркістан қаласы бойынша мемлекеттік келісімшартты тоқтату туралы хабарлама жіберілді. Бұған қоса, аталған факті бойынша Шымкент қаласы Абай аудандық ішкі істер бөлімі тарапынан қылмыстық іс қозғалды», - деді Самал Ибраева.