ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат –Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының учаскелік инспекторлары мектеп аумағында жалаңаш жүрген ер адамды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қоғамдық орында киімсіз жүрген ер адам Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.
Полиция қызметкерлері оның психоневрологиялық диспансерде есепте тұратынын анықтады.
«Пациент бір ай бұрын ауруханадан шығарылған екен. Бүгін қайтадан ауруханаға жатқызылды», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.