Білім басқармасының хабарлауынша, қала мектептерінде 575 интерактивті тақта мен 58 биология, 75 физика, 71 химия және 799 лингафонды-мультимедиялық кабинеттерімен жабдықталған. Ағымдағы жылы жерліктік бюджеттен 104,3 млн теңге бөлініп, «Оқушылар сарайы» базасында IT-орталық ашылды. Ал, 5 мектепте IT-сынып жабдықталып, жұмыс жасауда. Білім беру мекемелерінің инфрақұрылымын дамыту бойынша, орта есеппен 1 компьютерге келетін оқушы саны 14-і құрайды. Бұл көрсеткішті 7-ге төмендету үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жүйесі арқылы 11 мың дана компьютер сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні, 130 күндізгі жалпы орта мектеп 4-34 Мб/с жылдамдықты кеңжолақты интернет желісіне қосылған. Сонымен қатар мектептер «Wi-Fi» құрылғыларымен 100% қамтамасыз етілген. Оның ішінде, 70 мектептің интернет желісі 12 Мб/с-тан 34 Мб/с-қа дейін ұлғайтылған.
18:39, 22 Желтоқсан 2019
Шымкентте мектептер арнайы робототехника кабинеттерімен жабдықталуда
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 75 мектеп робототехника құралдарымен, 19 білім ұясы арнайы робототехника кабинеттерімен жабдықталған. Бұл туралы қалалық білім басқармасы мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.