Шымкенттің Қаратау ауданы бойынша МКБ жетекші маманы Ш. Пернеев ЖШС-нің басшысына тиесілі құны 5 млн. теңге тұратын «Тойота Лэнд Крузер 100» маркалы автокөлігін алдау арқылы ЖШС-ін банкрот деп тануға жәрдем көрсетемін деген сылтауымен иемденіп алған.
Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 23 желтоқсандағы үкімімен Ш. Пернеев мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыруымен қатар 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.