Мамандардың айтуынша, маусымдық гүлдердің басым көпшілігі голландық сұрыптағы сары, қызыл, көк, қызғылт және күлгін түсті қызғалдақтар. Қаланы көріктендіруші мамандар оларды арнайы кескіндердің ізімен еккен. Мәселен, базбірі ұлттық ою-өрнектерді бейнелесе, енді бірі қаланың логотипі мен геометриялық кескін пішінінде гүлдеп тұр.
«Енді олар бір айға жуық уақыт бойы гүлдеп тұрады. Содан кейін жазға қарай олардың орнына басқа гүлдер егіледі. Жаздық гүлдер көгалдардың, субұрқақ кешендері мен қала көшелерінің көркін аша түспек», - дейді мамандар.