Бір сағатқа созылған жауыннан жиналған су арыққа сыймай, көшелер мен аулаларды басты. Қызыл судан көліктер әрең қозғалып, жолдарды айналып өтуге мәжбүр болды. Ақ жаңбыр қозғалысқа да кесірін келтірмей қоймады. Әсіресе, Арғынбеков, Түркістан, Темірлан тас жолы сияқты бірқатар көшелерден су арықтап ақты. Әзірге қанша үйге су кіріп, шығын келгені беймәлім. Десе де, нөсер жауынның салдарын тұрғындар әлеуметтік желілерге салған.
Ал, синоптиктер болса өңірде таяу күндері нөсер жауын жауып, тасқын болуы мүмкін деп ескертеді. 3-4 сәуірде күн қатты суытып, аяз болуы мүмкін.