Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңбыр салдарын жою барысында барлығы 10 тонна су сорып алынды.
«Солтүстік-Батыс», «Қазғұрт» мөлтек аудандарында,, Өтегенов-Ерулік көшелерінің қиылысында, Гагарин көшесінде су сору жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Дулати мен Чайковский көшесіндегі үйлерге де су жиналғаны анықталды» делінген хабарламада.
Айта кетейік, «Қазгидромет» филиалының синоптиктері 28 қазанда таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын, тұман күтілетіні туралы дауылды алдын алу ескерту жолдаған. Сонымен қатар, 27 қазанда күндіз, 28 қазанда тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-батыс, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел тұрып, екпіні 23-28 м/с дейін күшейетіні ескертілген.