Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, фильмнің басты кейіпкері Нұртас Дәндібайұлы (1904-1989жж.) көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым. Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарған жылдары Қазақстанның экономикасы, ғылымы мен мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан.
Нұртас Оңдасынұлы еліміздің біртуар азаматтарына қолдау көрсетті, атап айтсақ, Д.Қонаевқа саясатта, Қ.Сатпаевқа ғылымда, Х.Наурызбаевқа мәдениетте және т.б.
Зейнеткерлікке шыққан соң Н.Оңдасынов Мәскеуде тұрып, өмірінің соңына дейін ғылыммен айналысты, лингвистика мен шығыстану саласында он томдық ғылыми еңбектер жазды.
Фильмнің тұсаукесеріне Нұртас Оңдасыновтың туыстары, Еңбек ардагерлері және Оңтүстік Қазақстанның жастары қатысты.