Ал кеше Шымкеттегі №9 лицей-мектебінің оқушысы қару асынып жүрген жерінен ұсталды. Оны мектеп инспекторы байқап қалған. Оқушыдан ОСА маркалы травматикалық қару тәркіленіп алынды. Қарудың оқтары да бар.
Дереу мектепке оқушының ата-анасы шақыртылып, одан кейін жергілікті полиция бөлімге әкететін болып шешілді. Әзірге таңда жеткіншектің не себептен мектепке қару алып келгені белгісіз. Сотқа дейінгі тергеу-тексеру жұмыстары жүруде, деп хабарлайды otyrar.kz.