Шымкенттің Әл-Фараби ауданы прокурорларының мәліметтері бойынша, ересек балалар ақша әкелуге қарсылық білдірген оқушыларды қорқытып, тіпті қол көтеруге дейін барған. Бастапқыда олар оқушылардан 3 мың теңге сұраған, алайда жасөспірімдер ақша бопсалаушыларға 1800 теңге ғана берген. Кейін бұзақылар тағы 4 мың теңге талап еткен. Осыдан кейін ғана оқушылар прокуратураға шағымданып, көмек сұраған.
Бопсалаушылардың бірі 1 жыл алты айға, екіншісі 1 жылға бас бостандығынан айырылды.