Шымкентте оқушыларға вакцина салу басталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап шымкенттік оқушыларға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салу басталды. №14 емдеу орталығының мамандары мектептердегі егу бекетінде вакцинациялау жұмыстарын жүргізді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентке Pfizer вакцинасының 46 800 дана мөлшеріндегі алғашқы партиясы жеткізілген болатын. Екпе егілетін тұрғындарға қаланың медициналық ұйымдарында, ал жасөспірімдерге білім беру ұйымдарында ата-анасының немесе оның заңды өкілдерінің ерікті келісімінен кейін жүргізіледі. Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналар аумақтық емханаларда вакцина салдыра алады.

Ал, мектептерде вакцинациялау жұмыстарын жүргізу үшін 140 егу бекеті ұйымдастырылған.