Шымкентте өрт оқиғалары 4 пайызға өскен

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте өрт оқиғалары 4 пайызға өскен. Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдай департаментінің бастығы Мадьяр Жақсыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрттің басым көпшілігі тұрғын үй секторында және автокөлікте болған.

Ал, негізгі себептері - көбінде электр аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, өрт көздерін абайсыз пайдалану, қысқа тұйықталу.

Сондай-ақ, арасында қасақана өртеу оқиғалары да кездескен.

«Төтенше жағдай департаментінің бөлімшелері өткен жылы 3676 мәрте қызыл жалын бойынша шақыртуға шықты, 332 адам құтқарылды. Олар 1 млрд 489 миллион теңгеден астам соманың заттарын аман алып қалды. Төтенше жағдай аймағынан 57 адамды эвакуациялап, 396 адамға медициналық көмек көрсетті. Оның ішінде 70 бала құтқарылды»,-деді Мадьяр Жақсыбаев.

Фото: Шымкент ТЖД