Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Айбергенов көшесіндегі тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама кеше түнгі сағат 23:55-те түскен. Оқиға орнына жедел түрде жеке құрамның 11 өрт сөндірушісі, 3 техника шыққан.
Олар келгенше бірінші қабаттағы электр қалқаны ашық отқа оранған. Салдарынан тұрғын үйдің баспалдақ алаңдарында қалың түтін болып, электр сымы жанып кеткен.
Өрт сағат 00:11-де ауыздықталып, 00:24-де толығымен сөндірілген.
«Тілсіз жаудан ешкім зардап шекпеген. Департаменттің анықтау бөлімінің мамандары өрттің пайда болуының барлық жағдайларын анықтауда» делінген хабарламада.