Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін таңғы 8.30 шамасында орын алған.
«2 қыркүйек күні таңғы сағат 8:47-де Молдағұлова көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Тұрғындардың айтуынша, төртінші қабаттағы пәтерлердің бірі отқа оранып, жиһаздар, есік-терезе, киім-кешек жанған. Оқиға орнына төтенше жағдай қызметінен 16 адам мен 6 техника жетіп, өртті сөндірген. 3 бала мен 12 ересек адам қауіпсіз жерге шығарылды. Құтқарушылар тағы екі адамды өрт шыққан пәтерден аман алып шыққан. Қызыл жалын 9:15-те ауыздықталған. Сағат 9:45-те толық сөндірілді. Өрттің шығу себептері қазір анықталып жатыр» делінген хабарламада.