Департамент өкілдерінің хабарлауынша, қазір бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 202-бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске салайық, кеше түнде «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің айыптұрағында өрт болып, жоюға арналған 35 автокөлік пен айыппұл салынған 10 автокөлік жанып кеткен болатын. Кейіннен айыппұл тұрағының басшылығы көліктердің шығын өтейтінін айтты.