Жастар флешмобы "Қазақстанда жасалған" акциясын қолдау мақсатында өтті.
"Біз азаматтардың назарын отандық өнімдерге аудырып, импортталған тауардың орнына жергілікті өнімді сатып алуға тартқымыз келді", - деді шараны ұйымдастырушылардың бірі, Шымкент әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Асқар Қаныбеков. "Енді елімізде өндірілетін тауарларды алуға тырысамын. Сапасына сенуге болады. Жанұямыз бұрын да қазақстандық сүт және ет өнімдерін сатып алатын, енді рационымызда отандық тауарлардың саны арта түспек", - деді флешмоб көрермені Әсия Бейсенбекова. Бір сағатқа созылған жаппай би шоуына студенттер мен белсенді жастар қатысты. Акцияны ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Жергілікті үлесті дамыту бойынша ұлттық агенттігі» АҚ мен облыс әкімдігі ұйымдастырды.