ОРАЛ. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында 1998-1999 жылғы жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан ел біріншілігінде батысқазақстандықтар үш медальді иеленді.
Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, чемпионатқа еліміздегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің тәрбиеленушілерінен құралған барлығы 31 команда қатысты. Батыс Қазақстаннан 9 спортшы барып, соның үшеуі жүлдеге ілікті. Атап айтқанда, 3 мың метрге спорттық жүрістен Яна Чупракова алтыннан алқа тақса, Александра Павлышина қола жүлдені иеленді. Ал Марина Солодовникова найза лақтырудан екінші орынға көтерілді.
БҚО құрамасы жалпыкомандалық есепте 11-орыннан көрінді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).