Шымкентте өз-өзін тонағандар әшкере болды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстікте өз затын тонағандар әшкере болды. 12 қаңтар күні Сайрам аудандық полиция бөліміне 1983 жылғы азамат шағымданған. Жүк көлігі жүргізушісі Алматы-Ташкент-Термез тас жолында Фольксваген-Гольф машинасындағы белгісіз топ 60 миллионның темекісін тонап кеткенін айтқан.

 Темекі салынған 50 қорапты алған күдіктілер электрошокер қолданып, ұрып-соққанын да көрсеткен. 

Жедел іздестіру шаралары барысында 1980, 1984, 1985 және 1996 жылғы туылған 6 күдікті қолға түскен. Олардың барлығы қылмысқа қатыстылығын мойындаған. Тексеру барысында Жамбыл облысында жеке компанияның қойма меңгерушісі болған 1985 жылы туылған күдіктіден ірі көлемде темекі жетіспеушілігі анықталған.

 

Жымқырған темекілерін толықтыруды ойлаған азамат Шымкентке жөнелтілетін компания затын жолда тонауға бел шешкен. Қоймадағы заты ұрланған бос қораптарды да машинаға артқан. Жүргізушінің ізінше қылмысты топ та жолға шыққан. Бос қораптармен қатар, темекі қосып ұрлағандар көп кешікпестен, құзырлы орғандағылардың құрығына ілінді. «Жүргізушінің қылмысқа қатыстылығы тексерілуде»  - деді полиция бөліміндегілер.  



Ерлан Жүнісбайұлы