Бұл күні қала іргесіндегі Сайрам тұрғын үй алабындағы өзбек этносының белді азаматтары көршілес Шапырашты, Өтеміс, Қызылсу, Тассай, Мәртөбе, Тоғыс, Бадам, Қарабастау ауылдарының абзал қарияларын дастарханға шақырды. Абыройлы ел ағаларын қонақ қылып күтіп, ізет көрсетті. Мерекелік жиында тұрғындар бір-біріне ілтипат жасап, жергілікті этнос өкілдері қазақ еліне деген ақеділ алғысын білдірді.
Айта кетейік, бұған дейін қалада «Алғыс айту күні» мерекесі қарсаңында апталық ұйымдастырылып, шара «Қайырымдылық күнімен» бастау алды. Қазақстан халқы Ассамблеясы «Сыбаға» іс-шарасы өткізді.
Иллюстрациялық фото