ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте қызметінен шу шығып, өзіне қол салған полиция департаментінің қызметкері бұрыңғы қызметіне қайта кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін Мөлдір Бекеевамен сөйлескенімізде дәрігерлер қарсы болғанына қарамастан қызметіне кіріскендігін жеткізді.
Өткен сәрсенбіден бастап жұмысқа шыққан ол Шымкент қаласы полиция департаментінің ресми өкілі - ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы, баспасөз хатшысы қызметін атқарып жатыр.
Айта кетейік, қызмет бабында үлкен шу шығып, кейіннен қоғамдық резонансқа айналған Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкері Мөлдір Бекеева өзіне қол салған болатын.
Ашық көздерден алынған фото
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.