ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте патрульдік полиция полкінің қызметкері 120 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға кеше болған. Патрульдік полиция полкінің қызметкері қала аумағындағы жол-көлік оқиғасына қатысты азаматтан 120 мың теңге пара алу кезінде қолға түскен.
«Аталған жайт бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Шымкент қаласы полиция департаментінің тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп, аталған бағыттағы мәселелер қатаң бақылауда екенін хабарлаймыз», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.