ОҚО ІІД есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында екі сезіктіні ұстады. 1986 және 1975 жылы туған күдіктілер Ворошиловка елді мекенінде героин саудалап келіпті. Үйлерінен 4 полиэтилен пакетке оралған ақ ұнтақ зат табылған. Сот-медициналық сараптама қортындысына сай бұл зат 8 гр. героин екенін анықтады.
Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы: 297 - «сірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу», 296 - «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.