Демалыс күні кешкі уақытта Бадам өзені бойында орналасқан Жергілікті полиция қызметі стационарлық бекетінің қызметкерлері адамдардың көмекке шақырған дауысын естиді. Полицейлер оқиға орнына барған кезде жасөспірімнің суға батып бара жатқанын байқаған. Тәртіп сақшылары бірден көмекке жүгіреді. Шымкент ҚІІБ ЖПҚ қызметкері, полиция сержанты Ерлан Айтмұхамедов суға сүңгіп, баланы өзеннен аман алып шығып, алғашқы көмек көрсетеді.
Бала өзеннің ағысы қатты болғандықтан өз күшімен жағаға шыға алмапты. Кейіннен полицейлер жасөспірімді үйіне апарып, туыстарына табыстады.