Қасиетті Рамазан айында Шымкент қаласы әкімдігі мен орталық мешіт жамағаты игі істі қолға алды. Қос тараптың ұйымдастыруымен қалада «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы өтіп жатыр. Мұнда азық-түлік салынған себеттер мұқтаж отбасыларға таратылуда.
«Бұл игі бастамаға қаладағы барлық кәсіпкерлер де қолдау білдіруде. Күн сайын эстафета түрінде мұқтаж отбасыларға ауызашар орнына азық-түлік салынған «Рамазан қоржыны» себеті таратылуда. Оның ішінде күріш, қант, өсімдік майы, шай, ұн, макорон, тәттілер, құрма т.б. тауар түрлері бар. Көпшілікті игі шараға қолдау білдіруге шақырамын», - деді Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы.
Айта кетейік, рамазан айының алғашқы екі күнінде Шымкенттік 700 отбасына «Рамазан қоржыны» берілді.