Аламан сайысқа 6 мемлекеттің мергендері қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс спортының дамуына айырықша үлес қосып, көп жылдар жоғары спорт шеберлігі мектебін басқарған Шертай Әмірбекұлы садақ спортына қазақ жастарының көптеп тартылуына да еңбек сіңірді. Соның нәтижесінде Айнұр Әбдірайымова сияқты сайыпқырандар олимпиада ойындарына қатысты. Бұл туралы жарыстың ашылу рәсімі кезінде облыстық садақ ату федерациясының президенті Ғани Ташқараев айтып өтті. Халықаралық дәрежедегі дәстүрлі турнирге Ресей, Беларусь, Грузия, Армения және Орта Азия елдерінен 170-тен аса мерген қатысуда. Жабық алаңдағы жамбы атуда облыс намысын Балғабай Елшиев басқаратын жоғары спорт шеберлігі мектебінің садақ ату шеберлері қорғайды. Олардың қатарында Рио олимпиадасына қатысқан Луиза Сайдиева сынды саңлақтар да бар.