Шымкентте садақ атудан Қ.Сыпатаевты еске алуға арналған халықаралық жарыста батысқазақстандықтар жүлделі орындарды иеленді

None
ОРАЛ. 17 қазан. ҚазАқпарат - Шымкентте садақ атудан Кеңес Одағының Батыры Қарсыбай Сыпатаевты еске алуға арналған халықаралық турнирде батысқазақстандықтар жүлделі орындардан көрінді.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа Алматы, Атырау, Талдықорған, Шымкент, Текелі (Алматы облысы) және Орал қаласынан барлығы 100 спортшы қатысты.

Жекелей біріншілікте 70 метрлік олимпиадалық айналымда нысана көздеуден батысқазақстандықтар Жүзім Ғалымжанова мен Анастасия Баннова алғашқы екі орынды иеленсе, ерлерден Сағадат Нұғман мен Игорь Ковалев екінші, үшінші жүлдені бөлісті. Командалық есепте Анастасия Баннова, Жүзім Ғалымжанова, Гүльфат Кеңесова жеңімпаз атанды. Микстан (аралас жұп) Анастасия Баннова мен Ғалимат Қуанышқали үшінші орынға көтерілді.