Белгілі болғандай, 7 ақпан күні зейнеткердің үйіне белгісіз тұлғалар келіп, санақ жүргізіліп жатқанын айтқан. Сөйтіп қарияның көңілін басқа жақа аударып, екіншісі қомақты көлемдегі ақшасын ұрлап кетеді.
Осы дерек бойынша Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалып, тәжірибелі мамандардан құрылған топ күдіктіні іздестірген. Жедел іздестіру шаралары барысында екі күдікті ұсталды. Екеуінің де 1989 жылы туған Қостанай облысының тұрғындары екені анықталды. Сезіктілер алаяқтық жолмен қарияның 1,6 млн. теңгесін қолды етіп, қажеттіліктеріне жаратыпты. Қазір ұсталған екеудің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.