Шымкентте саңырауқұлақтар сатылып жатыр
Бір келісі 700 теңгеден басталып, 1500 теңгеге дейін барады. Баға былтырғымен салыстырғанда тұрақты. Бірақ, Бәйдібек ауданынан әкелінген саңырауқұлақ бағасы бір жылдың ішінде 500 теңгеге дейін қымбаттаған.
Саңырауқұлақ шыға салысымен азық етіп дайындап, оған құмартушылар көп. Дегенмен, дәрігерлер бұл өнімнен келетін қауіптің басым екенін алға тартады. Құдай сақтағанда, биыл жыл басынан бері улану оқиғасы тіркелмепті. Мамандар қозықұйрықты міндетті түрде екі-үш рет қайнатып, содан кейін ғана асқа қолдану керек деп кеңес береді.
Ал әзірге базар сөрелерінен саңырауқұлақтың үш түрін ғана кездестіруге болады. Дәміне қарай бағалары да әртүрлі. Алдағы күндері баға арзандауы да мүмкін дейді сатушылар. Өйткені жуық арада өзге де аудандардан сауда орындарына саңырауқұлақтар қап-қаппен жеткізіле бастайды, деп хабарлайды otyrar.kz.