Тексеру барысында 1435 ойын фишкасы мен 5 колода, 3 ойын үстелі және 1 бейнекамера тәркіленді. Сондай-ақ, заңсыз ойын залында дилер, даяшылар, кассир қызмет көрсетіп келген. Оқиға кезінде казинода 9 ойыншы болған.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Қылмысқа қатысы бар адамдардың кінәсін сот анықтайды.