АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте саяжай тұрғындарының тұрмыстық техникалары бір мезетте өртеніп кетті. Қайнар бұлақ ауылының тұрғындары бір сәтте телевизор, тоңазытқыш және басқа да электр құралдарынсыз қалды, деп хабарлайды otyrar.kz.
Қайнарлықтардың айтуынша, бұған жоғары кернеу себеп болған.
«Аталған желілердің пайдаланылуын тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі қадағаламайды. Электр энергиясының жеткізілімін «ОЖТ» ЖШС жүзеге асырады. Трансформаторда күш кернеуінің шамадан тыс артқандығынан өрт шығып отыр», - деді Шымкенттің тұрғын-үй коммуналдық шарушалығы бөлімі секторының меңгерушісі Нұрлан Жаманкөз.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.