Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті қаладағы Абай ауданының «Шымкент қаласыныңхалықты жұмыспен қамту орталығы» КММ Абай аудандық секторының меңгерушісіалаяқтық жасағанын анықтады.
Ол қызметбабын пайдаланып,атаулы әлеуметтік көмек алуға көмектесемін деп алдап, 375 мың теңге мөлшерінде параалды деген күдікке ілігіп отыр.
«Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы»КММ-ның инспекторы да дәл осындай алаяқтық жасағаны анықталды. Оның алғанпарасы – 45 мың теңге.
Адвокаттары айыбын мойындап, процестік келісім жасаутуралы өтініш тапсыруына байланысты, аталған тұлғалар ұсталған жоқ.
Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.