деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұмановтың атап көрсеткеніндей, күдікті жәбірленушілерден бұның алдында 15 мың теңге бопсалаған. Алайда олар ақша беруден бас тартқан.
Күдікті - 22 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны. Полиция қызметкерлері одан қылмыс құралы, яғни шолақ мылтық тауып алды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.