Аталған факті бойынша ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне өтініш жолданып, нәтижесінде 9 маусымда «интернет-дүкеннің» қызметі ҚР аумағында бұғатталды.
Айта кетерлігі, 2019 жылы департамент 15 «интернет-ойынхана» және «синтетикалық есіркі» сатқан 3 веб-ресурсты анықтап, жойған болатын.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, интернет-ресурстардың мониторингісі тұрақты негізде жүргізілуде.