Шымкентте соққан дауыл үш шыршаны құлатты

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте түнде құйындатып соққан жел Жаңа жылға арнап безендірілген үш шыршаны құлатып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«21 м/с екпінмен соққан желден әл-Фараби алаңындағы, Ш.Қалдаяқов аллеясындағы және облыс әкімдігі ғимаратының алдындағы шыршалар құлады. Ақпарат қала әкімдігінің кезекшісіне берілді», - делінген хабарламада. Қазір қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметі жаңажылдық шыршаларды қалпына келтіріп жатыр.

    

Дауыл Оңтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ғимаратының да 288 шаршы метрлік шатырын ұшырып, Темірлан тас жолы мен Арғынбеков көшесіндегі электр бағандарын құлатып кеткен. Зардап шеккендер жоқ.