Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1380 орын бар. Төсек- орын толымдығы 22%-ды құрайды. Өткен тәулікте 2329 адамнан сынама алынған.
«Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 22 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Бүгінде олар күшейтілген күн тәртібінде жұмыс жасап жатыр. Мобильдік топ 1 сәуір күні 356 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның шінде 17 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды» делінген хабарламада.