Облыстық прокуратураның мәліметінше, қадағалау органының бастамасымен қолға алынған «Ресоциализация. Сен қоғамға керексің!» және «2017 колонияларда жұмыспен қамту» жобалары ОҚО прокуратурасы тарапынан жүзеге асырылып, нәтижесін де бере бастады. Бүгінгі таңда, сотталғандардың басым көпшілігі жұмыс істейді, түзеу мекемелерінде 29 кәсіпкермен бірлесіп, өндірістік цехтар ашылған. Оның ішінде, наубайханашылар, көкөністерді косервілеу, тігін, дәнекерлеу, жиһаз және т.б. цехтер іске қосылған. Осы жұмыстардың нәтижесінде жәбірленушілерге келтірілген шығынды өндіру көлемі 3 есеге өсіп, 13-тен 35 миллионға дейін жетті.
Бұл ретте облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров Шымкент қаласында орналасқан ИЧ 167/3 түзеу мекемесінде болып, кәсіпкерлермен және сотталғандармен кездесті. Кездесу барысында колонияларда бизнес ашу және жүргізу мәселелері талқыланып, ҚАЖ-нің басшылығына туындаған мәселелердің шешу жолдары бойынша нұсқаулар берілді. Сотталғандарды жеке қабылдады.
Сондай-ақ, облыс прокуроры Абай аудандық сотында сотталғандарды мерзімінен бұрын босату және бас бостандығынан айыру жазасын, жазаның жеңіл түріне ауыстыру туралы сот процесіне қатысты.