Жарысқа қатысушылар бірнеше санат бойынша бақ сынасты. Ерлер мен әйелдер, жасөспірімдер мен қыздар арасында бірнеше бағыттағы сайыс қызу тартыспен өрбіді. Жарыс қорытындысы бойынша атудың скит түрінен Оңтүстік Қазақстанның тумасы Владислав Мухамедиев пен алматылық Әсем Орынбайлар өз санаттары бойынша бірінші орынды иеленді. Атудың трап түрінен оңтүстікқазақстандық Виктор Хасьянов, әйелдер арасынан Мария Дмитренко бас жүлдені қанжығасына байлады. Ал, дубль траптан қызылордалық Максим Коломец, әйелдер арасынан қызылордалық Айжан Досмағамбетова мықтылық танытты. Сондай-ақ, компакт-спортингтен оңтүстікқазақстандық Владислав Мухамедиев, әйелдер арасынан Анастасия Молчанова бірінші орын тұғырынан көрінді.
Осылайша, жарыстың жалпы қорытындысы бойынша күнгейлік спортшылар жүлделі 1-ші орынды жеңіп алды. Ал, алматылықтар 2-ші тұғырдан көрінді. Үздікті үштікті қызылордалықтар түйіндеді.
Жарысты ұйымдастырушылар сайыс арқасында стенд атудан ел мергендерін анықтауды көздейді.