Онда «бір терезе» қағидасы бойынша студенттерге сапалы және жылдам қызмет көрсетілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Smart Square» студенттерге қызмет көрсету орталығында ашықтық пен қолжетімділікке жағдай жасалып, қызмет көрсетудің жоғары стандарттары қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға, білім беру сапасын арттыруға және академиялық адалдық қағидаттарын ілгерілетуге жағдай жасалмақ. Бұдан өзге білім алушыларға оқу-білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени бағыттар бойынша қызметтер ұсынылады»,- дейді мамандар.
Орталықта әзірге 200-ге жуық қызмет түрлері көрсетіледі деп күтілуде. Әрі ақылды технологиялардың көмегімен қызмет көрсету алаңында 40-50 студент бір уақытта анықтама ала алатын болады.
Осыған дейін Шымкентте 99 нысанның қала меншігіне өткендігі туралы жазғанбыз.