Шымкентте сүйегі сынғыш баланың ата-анасын алдап кеткен күдікті ақыры ұсталды
Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әл-Фараби аудандық ІІБ қызметкерлері күдіктіні кеше түнде қолға түсірген.
«Қазіргі таңда аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сезікті уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды», делінген хабарламада.
Ләззат есімді науқас баланың анасы өзінің есепшотын да көпшілікке таратып, көмек сұраған еді. (Kaspi gold 5169 4931 9076 5696).
Осы жағдайды естіген қала тұрғындары бұл жанұяға шамалары келгенше көмек қолын созды. Қайырымдылықтан қаладағы жекеменшік компания өкілдері де шет қалмады. Олар науқас баланың туыстарынан болған жағдай үшін кешірім сұрап, материалдық көмек көрсетті. Белгілісі, қазір науқас бала жергілікті клиникалардың бірінде тексеруден өтіп, Астанаға жол тартпақшы. Бала елордада емделетін болады.
Фото: otyrar.kz