Аталмыш нысандарды мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «STRONG SERVICE» ЖШС-і жүзеге асырды. Компания 11 ашық спорт, 4 балалар ойын алаңшаларын және 5 тренажер алаңшасының құрылысын аяқтады. Жалпы, инвестиция көлемі 550, 7 миллион теңгені құрады. Нысандардың ашылу салтанатында шаһар басшысы Ерлан Айтаханов Шымкент қаласының күннен күнге көркейіп, абаттанып келе жатқанын атап өтті.
«Шымкент – мәдени, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамыған шаһарға айналмақ. Келер жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы, «екінші ұстаз» атанған Әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Абайдың 175 жылдығын атап өту жоспарымыз - солардың айғағы. Біздің негізгі мақсат – бюджетке жүк салмай, мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктер және жеке инвестициялар тарту арқылы қордаланған мәселелерімізді шешу. Міне, бүгін Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ашылып отырған спорт алаңшалары тұрғындарының сүйікті демалыс аймағы мен жастарымыздың шынығатын негізгі орнына айналатынына бек сенімдімін. ды Егемендігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай», - деді Ерлан Айтаханов.