Шымкентте техникалық қызмет көрсету орталығы өртеніп, 3 жүк көлігі зақымданды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте техникалық қызмет көрсету орталығынан өрт шығып, 3 жүк көлігіне зақым келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Оқиға Тұран ауданына қарасты Алматы тасжолы бойында болды. Жүк көліктеріне техникалық қызмет көрсету орталығының 200 шаршы метр аумағы өртеніп кетті. Сондай-ақ, жалынның әсірінен 3 жүк көлігі зақымданды.
«Өрт сағат 05.02-де оқшауланып, 05.20-да толығымен сөндірілді. Жалпы бұл жұмыстарға 10 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 59 қызметкер және апаттар медицинасы орталығының мамандары жұмылдырылды» - делінген Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.