Ұрланған ноутбуктер мен смартфондар елордадан теннис турнирін өткізуге келген комиссия мүшелеріне тиесілі болып шықты.
Бейнекамералардағы жазбаларды зерделеу кезінде, қаскүнем теннис ойнауға келгендей, спорт орталығына емін-еркін кіргені және ашық тұрған қызметтік бөлмеден қымбат техниканы қолды етіп, оқиға орнынан бой тасалағаны белгілі болды.
Күдікті - бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған 27 жастағы қала тұрғыны. Азаматтың тағы 7 ұрлық фактісіне қатысы бары анықталды.
Күдікті тағы бір ұрланған смартфонды кездейсоқ сатып алушыларға өткізу үстінде ұсталды.
Ол бір ай ішінде өзгенің 4 ұялы телефонын, ноутбук пен 2 ойын приставкаларын иемденген. Жалпы сомасы 2 млн теңгеден астам шығын емдеу орталығының, интернет-клуб және стоматологияның жұмысшылары мен шаштаразға келтірілген.
188-баптың 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған ер адам қамауда.