Турнирдің ашылу салтанатында Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев қатысушыларға сәттілік тілеп, жергілікті жастардың жігерін қамшылады. Байрақты бәсекеде ел құрамасының теннисшілері Александр Недовесов пен Андрей Голубев өнер көрсетуде. Ал, түстік өңірдің 1-ші ракеткасы Роман Хасанов аргентиналық Роналд Паспен қарым-қабілетін пайымдамақ.
Айта кетейік, жарыстың жалпы жүлде қоры - 50 мың АҚШ долларын құрайды. 1-ші орын иегеріне 8 мың доллар қаржылай сыйлық беріледі.