НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкент қаласындағы тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға 27 тамызда сағат 18.02-де Қаратау ауданындағы Нұрсәт-2 шағынауданында орналасқан №20 тұрғын үйде болды. Тоғызыншы қабатты тұрғын үйдің 2 және 9 қабаты аралығындағы аумағы 55 шаршы метрді құрайтын сыртқы қаптама мен сегізінші қабаттағы №48 пәтерде ас үйдің 18 шаршы метрі өртенген.
«Өрт 18.30-да ауыздықталып, 18.48-де толықтай сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттен барлығы 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың арасында 8-і бала. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаменті (28 қызметкер мен 7 техника), медициналық апаттар орталығы (3 қызметкер мен 1 техника) мамандары болды», - деп жазылған ТЖД таратқан хабарламада.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.