Қалалық табиғи монополияларды реттеу департаментінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап бірқатар коммуналдық қызмет бойынша тарифтерді төмендету туралы шешім қабылданған.
«Сумен жабдықтау қызметіне тариф – 88,17 теңгеден 83,75 теңгеге дейін немесе 5%-ға; су бұру қызметіне тариф – 35,13 теңгеден 33,38 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 5%-ға; «Қуатжылуорталық-3» МКК ыстық сумен жабдықтау қызметіне есептеу құралдарымен қамтылмаған жеке тұлғаларға тарифі 1 адамға 736,53 теңгеден 662,88 теңгеге дейін немесе 10%-ға; есептеу құралдарымен қамтылған жеке тұлғаларға ыстық сумен жабдықтау қызметіне тариф 1 м3-ге 230,16 теңгеден 207,14 теңгеге дейін немесе 10%-ға; «Тасқұдық Бак» ЖШС тұрғындар сумен жабдықтау қызметіне тариф 70,99 теңгеден 67,44 теңгеге дейін немесе 5%-ға; «ЖеңісТ» ЖШС тауарлық газды тасымалдау қызметіне тариф 3916,82 теңгеден 3720,98 теңгеге дейін немесе 5%-ға; «Сайрам су» ЖШС сумен жабдықтау қызметіне тариф 72,08 теңгеден 68,48 теңгеге дейін немесе 5% -ға төмендетілді», делінген хабарламада.