Қаратау аудандық полиция бөліміне он шақты азамат үйін тонап кеткенін айтып, арызданған. Жәбірленушілердің сөзінше ұрылар қылмыстық әрекеттерін негізінен түнгі уақытта жасаған. Далада жатқан жерінен ұялы телефондарын қолды еткенін айтқан. Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары 21 жастағы жұмыссыз тұрғынды ұстады. Жауап алу барысында ол жәбірленушілердің үйіне кіріп, ұялы телефон мен планшеттерін тонағанын мойындаған. Ұрланған заттарды сатып, қажеттіліктеріне жаратыпты.
Қазір күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Тонаумен» іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.