Соттың мәліметінше, екеуі Қылмыстық кодекстің 189 «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабының 4 бөлігі 2 тармағы бойынша айыпталуда. Бұдан бөлек, бас директорға «Қызметтiк жалғандық жасау» бабы бойынша, ал қойма меңгерушісіне «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу» баптарымен қылмыс жасаған деген кінә тағылды.
Айта кетейік, осы жылдың басында өңірдегі тұрақтандыру қорында аса ірі көлемде азық-түлік жетіспеушілігі анықталған болатын. Қоймадағы заттарға тексеру жүргізген құзырлы орган өкілдері 160 млн теңгеден аса қаражаттың заты жоқ екенін әшкерелеген. Кейіннен бұл жетіспеушілікке бас директор мен қойма меңгерушісі кінәлі деп танылды. Кейбір куәгерлердің келмеуіне байланысты сот отырысы біраз уақытқа шегерілген еді. Қазір кезекті сот отырысына куәгерлер мәжбүрлі түрде жеткізіліп жатыр.