Жәбірленуші Шымкент қаласына қарасты Қаратау аудандық полиция бөліміне арызданып, 2015 жылы танысына алданып қалғанын айтқан. Арызында ол 1970 жылы туған танысының тендер «алып беремін» деп өзінен 2 миллион 330 мың теңге алғанын, алайда содан бері не тендерден, не ақшадан хабар жоқ екендігін айтқан.
Осыдан кейін полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні қолға түсірген. Оның бұған дейін де осы тектес қылмыс бойынша істі болғаны анықталды. Қазіргі таңда алаяқтың үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынып, одан жауап алынуда.